«Ақын әлемі» сыр-сұхбат алаңы.

Дата: 2022-10-13 18:30:27
«Ақын әлемі» сыр-сұхбат алаңы.

Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «Абай атындағы №2 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Оқуға құштар мектеп», «Өнегелі өмір» жобаларының аясында «Ақын әлемі» атты сыр-сұхбат алаңы өткізілді. Сыр-сұхбат алаңына Балқаш қаласында дүниеге келген, мектеп-лицейіміздің түлегі жас ақын Айдын Байыс шақырылды. 

Айдын Байыс - 1994 жылы Қарағанды облысы, Балқаш қаласында дүниеге келген. Өлеңдері «Балқаш аймақтық ақындар антологиясына», «Арқадағы арда жыр»  жинақтарына енген. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің Көлік-Энергетика факультетін 2016 жылы тәмамдаған. Кеш барысында ағалық жылы лебізімен 10 А, 10 Ә сынып оқушыларына ой салатындай, рухани азық алатындай ақындық рухани әлеммен бөлісті.

     Құланиек, құлын сәрі - таң жаңа сыз беріп ата бастаған кез. Құланиек атауымен шыққан алғашқы жыр жинағыңыздың тұсаукесері, шығармашылық кешіңізге сәттілік! Қаламыңыздан жыр жолдары төгіле берсін!