«Оқуға құштар мектеп» жобасы өз жұмысын жалғастыруда.

Дата: 2022-10-13 13:52:34
«Оқуға құштар мектеп» жобасы өз жұмысын жалғастыруда.

Қазақтың классик жазушысы Бердібек Соқпақбаевтың кез-келген туындысын оқыған адам шынайы сурет пен баланың аңғал мінезімен өрілген ауқымды тақырыптың астарына жолығады. Шебер суреткердің әйгілі шығармаларының қатарында «Балалық шаққа саяхат» повесінің орны бөлек. Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «Абай атындағы №2 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 20 минуттық кітап оқу іс-шарасы негізінде 5 А сынып оқушылары аталмыш кітапты оқуды қолға алды.