11-сынып оқушылары арасында «Мамандық таңдаудың маңызы» атты бейіндік тренинг өтті.
Дата: 2022-10-11 16:33:29
2022 жылдың 11 қазан күні мектеп –лицейде кәсіптік бағдар бойынша кеңесші Балтабай А.С. ұйымдастыруымен 11-сынып оқушылары арасында «Мамандық таңдаудың маңызы» атты бейіндік тренинг өтті. Кәсіптік бағдар беруде оқушыларға психологиялық қолдау көрсетіліп, «Артықшылықтарым мен мүмкіншіліктерім» атты жаттығу жүргізілді. Оқушылар сонымен қатар өзіне ұнаған геометриялық фигураларды таңдау арқылы адам бойындағы қасиеттер мен қабілеттерді ажыратты. Тренинг барысына «The Ulytau Educational Foundation» ҚҚ «Қоғамдық қорының» «Кәсіптік бағдар» жобасының жетекшісі Оразбекова Әсем Сатыбалдықызы қатысып, мамандық таңдау бойынша өзекті мәселелерді қозғап, оқушыларға мамандықтар туралы тың ақпарат, кеңес берді.