10-11 сынып оқушыларының ата-аналар жиналысы өтті.

Дата: 2022-10-11 17:26:21
10-11 сынып оқушыларының ата-аналар жиналысы өтті.

Тақырыбы:

2022-2023 жаңа оқу жылында  10-11 сынып оқушыларымен қорытынды аттестаттауға және  ЖОО-на түсу үшін ҰБТ-ға дайындықты ұйымдастыру жұмыстары.

        Мектеп-лицей директоры Қ.Т. Рахимберлина ата-аналарға жиналыстың күн тәртібімен,  10-11 сыныпқа сабақ беретін пән мұғалімдерімен таныстырып өтті және өткен оқу жылындағы түлектердің ЖОО-на түсу үшін ҰБТ бойынша қысқаша ақпар берді, сонымен бірге түлектердің ЖОО-на түсудегі өзгешеліктерге, ҰБТ-ғы соңғы жаңалықтарға басты назарға алуға бағыт бағдар берді.

         Жиналыстың келесі сұрақтары бойынша директордың ОІЖО Байжуманова Л.Қ.  11 сынып оқушыларымен мемлекеттік қорытынды аттестаттау жүргізу ережесімен таныстырды және директордың БІЖО Шармуханбетова Ж.А. 10-11 сынып оқушылары жөнінде қысқаша ақпарат берді, мектептегі ҰБТ-ға дайындық сабақтары туралы айтып өтті. 11 сынып оқушыларынан алынған №1 (06.10.2022 ж) мектепшілік тестілеу қорытындысы бойынша талдау жасады.

        «Достық-білім» орталығының директоры Смагулов М.М. 10-11 сынып оқушыларын ЖОО-на түсу үшін ҰБТ-ға дайындық мақсатында «Достық –білім» орталығының жұмысымен таныстырды, орталыққа қатысатын оқушыларымыздың сабаққа қатысуы бойынша ақпарат берді.

     Ustudy - онлайн тестілеу платформасының маманы Есильбекова А.Т. ЖОО-на түсу үшін сапалы тестілеуді ұйымдастыру мақсатында Балқаш қаласындағы Ustudy - онлайн тестілеу платформасының жұмысымен таныстырды.

         Жиналыс соңында пән мұғалімдері ата-аналарға оқушылармен жүргізілетін дайындық жұмыстарының бағытымен таныстырды. Мектеп-лицей директоры Қ.Т.Рахимберлина ата-аналардың әр түрлі бағытта қойған сұрақтарына жауап берді, ата-аналармен кері байланыс жүргізілді.