Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және парасаттылық мәдениетін ілгерілету бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпараттық керуен ұйымдастырылды.

Дата: 2022-10-10 09:49:00
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және парасаттылық мәдениетін ілгерілету бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпараттық керуен ұйымдастырылды.
07.10.22 жылы қаламызда мектеп және колледж оқушылары, педагогтар және ата-аналар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және парасаттылық мәдениетін ілгерілету бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпараттық керуен ұйымдастырылды. 
Кешенді іс-шаралар барысында мектеп-лицейімізде оқушыларға, педагогтерге және ата-аналарға арналған қоғам қайраткері, саясаттанушы, antikor ақпараттық ағарту штабының мүшесі Мұстафин Серік Хамзеұлының қатысуымен семинар, диалогтық алаңы өтті. Отырысқа мектептің жоғары сынып оқушылары қатысып, өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды. Отырыс соңында қалалық Жас Ұлан тобьының Ұланбасы, мектеп-лицейіміздің 9-сынып оқушысы Амантай Арсен қонақтарға тың мағлұматтары үшін оқушылар атынан алғыс білдіріп, жемқорлыққа қарсы күресте белсенділер тарапынан және оқушылар тарапынан да өз күштерін аямайтындығын жеткізді.