"Критериалды бағалау - сапалы білім кепілі" тақырыбында шеберлік сыныбын өткізді.

Дата: 2022-10-10 09:37:07

"Жас маман" мектебі жоспарына сай 7 қазан күні мектеп-лицей жас мамандармен және жаңадан қосылған мұғалімдерге әдістемелік қолдау көрсету мақсатында педагог - сарапшы, ағылшын тілі пәні мұғалімі Н.К.Пиримбетова "Критериалды бағалау - сапалы білім кепілі" тақырыбында шеберлік сыныбын өткізді. Шебер сынып барысында критериалды бағалау ерекшелігі, БЖБ және ТЖБ дескриптор құрастыру жолдары бойынша топтық тапсырмалар орындап, тақырыпты ашты. Қатысушы мұғалімдер әдістемелік қоржындарын жаңа ақпараттармен толықтырды.