"Оқуға құштар мектеп" жобасы өз жұмысын бастады.

Дата: 2022-09-28 17:21:35
Кітап - ерекше әлем. Оқып отырып, сіз жаңа әлемнің есігін ашасыз. Бойыңызда жаңа әдеттер қалыптасып, ойлау жүйеңіз өзгеріске ұшырайды. Кей адамдар тәжірибе жүзінде әлсіз болса да, оқудың арқасында биікті бағындырып жатады десек, өскелең ұрпақ үшін кітап оқудың маңыздылығын, қажеттілігін айтпай-ақ өздеріңіз түсініп отырсыздар. Елінің, өзінің болашағына алаңдаған адам көш керуенінен артта қалмауы керек. 
Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «Абай атындағы №2 мектеп - лицейі» КММ - де «Оқуға құштар мектеп» жобасының 2022-2023 оқу жылына жоспары құрылып, тиісті жұмыстар жүргізілуде. Жоба аясында 20 минуттық кітап оқу сағаты 2-11 сынып білім алушыларының қатысуымен жүзеге асырылуда. Әр сынып бойынша кесте құрылған. Білімді, кітапқа құштар оқушыларымыз көп болсын деп жаңа оқу жылына ұжымға сәттілік тілейміз!