«Тіл – халық қазынасы» атты кітап көрмесі.

Дата: 2022-09-05 22:18:11
«Тіл – халық қазынасы» атты кітап көрмесі.

«Тіл – халық қазынасы» атты кітап көрмесі

5 қыркүйек  - «Қазақстан халқы тілдері күні» мерекесі «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы – тіл» деген ұлағатты сөз қалдырған, қазақ халқының тағдыры мен тілі үшін күрескен Алаш арысы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күнімен байланысты. Бүгін барша қазақстандық қазақ әліпбиінің негізін салған ғалымның туған күнінде Тілдер мерекесін тойлайды. Соған орай мектеп-лицейіміздің кітапханасында «Тіл – халық қазынасы» атты кітап көрмесі қойылып, оқушылар назарына ұсынылды.