Балқаш қаласы Абай атындағы № 2 мектеп лицейінде жоспарлы педагогикалық кеңес өтті.

Дата: 2022-06-13 14:11:21
Балқаш қаласы Абай атындағы № 2 мектеп лицейінде жоспарлы педагогикалық кеңес өтті.
Балқаш қаласы Абай атындағы № 2 мектеп лицейінде жоспарлы педагогикалық кеңес өтті.
Педагогикалық кеңес күн тәртібі:
1. 2-11 сыныптар бойынша 4 тоқсан және жылдық білім сапасы қорытындысына сараптама.
2. 2021-2022 оқу жылындағы ғылыми әдістемелік жұмыс саралау.
3. 9,11 сыныптардағы қорытынды аттесттатау емтихандарының қорытындысы және тапсырмаларға сараптама жасау.
4. 2022-2023 оқу жылына міндеттер.
5. 2022-2023 оқу жылына арналған әдістемелік нұсқау хат жобасымен таныстыру.
Аталған сұрақтар бойынша директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары Л.К.Байжуманова, Ш.Т Жаксыгелдина сараптама жасап өтті. Лицей мұғалімдерінің кәсіби, әдістемелік шығармашылық ,конкурстар мен конференциялар, педагогикалық олимпиадаларға қатысу мониторингісі көрсетілді. Жыл бойы шығармашылық жұмыста белсенділік танытқан мұғалімдер Садыканова Б.Ж., Досыбаев Н.К., Рахимова Ж.Т. т.б атап өтілді. Мұғалімдерге кәсіби бағыттағы жұмыстары үшін қалалық марапаттау грамоталары берілді. Олқылықтар анықталды, шешу жолдары ұсынылды. Педагогикалық кеңесті мектеп лицей директоры К.Т.Рахимберлина жүргізді.