«Кітап әлемінде» атты қаламыздың ақын-жазушыларымен кездесу

Дата: 2022-06-04 11:19:49
«Кітап әлемінде» атты қаламыздың ақын-жазушыларымен кездесу
«Кітап әлемінде» атты қаламыздың ақын-жазушыларымен кездесу
 
2 сәуір күні өлкеміздегі халықтың ыстық ықыласына бөленіп жүрген қаламгерлеріміздің өрнегі мол жырларын оқуға насихаттау, олардың өнегелі өмір жолдарын өскелең ұрпаққа өнеге етіп, жастардың кітап оқуға құлшынысын арттыру, еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін қалыптастыру мақсатында, сонымен қатар 1 маусым - Халықаралық балаларды  қорғау күні онкүндігі аясында «Кітап әлемінде» атты қаламыздың ақын-жазушыларымен кездесу online форматта өткізілді. 
Қаламыздың құрметті азаматы, ақын, сазгер, журналист Сәденов Қуандық Мақсұтұлы және кәсіби журналист, талантты ақын Кәрім Нұрдос Маратұлы шарамыздың құрметті қонағы ретінде қатысып, сүбелі ойларымен бөлісіп, жас ақындарымызға ағалық кеңестерін айтты. Кездесуіміз еркін, сыр-сұхбат алаңы негізінде өткізілді. Поэзия мәңгі өлмес, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасар алтын көпір, асыл қазына, адам баласының рухы. Ақындық жолындағы қаламдарыңыз ұштала берсін! Ақынын құрметтеген ел озады, ақынын сыйламаған ел тозады деген екен, ақындарымызға қалай құрмет көрсетсек те артықшылық етпейді. Бізді сусындатар сарқылмас мәңгі жырларыңыздың алдында басымызды иеміз. Жыр әлеміндегі туындыларыңыз ешқашан сарқылмасын. Сүйіп тыңдар оқырмандарыңыз көп болсын. «Мен жастарға сенемін, - деп  М.Жұмабаев айтқандай, аға буынның сенімін ақтайтындай парасат-пайымы биік азамат боп өсейік!