"Өз жеріңді танып біл" қалалық мұражайына экскурсия

Дата: 2022-06-02 17:01:37

"1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні" онкүндігіне арналған іс-шаралар жоспарының "Табысты болу құқығы" бөліміне сай 2022 жылдың 2 –маусым күні «Балауса» жазғы сауықтыру лагерінің тәрбиеленушілері қалалық мұражайға саяхатқа барды. Мұражай қызметкерлері балаларға мұражайдағы экспонаттар туралы түсінік берді. Барлық балалар мұражайды үлкен қызығушылықпен аралады. Балалар түрлі қызықты ойындар ойнап, ән айтып, би билеп көңіл көтеріп қайтты. Қалалық мұражайға саяхат өте қызықты болды.