«Көңілді старт»

Дата: 2022-06-01 13:49:18
«Көңілді старт»

2022 жылдың 1 маусымында мектеп-лицейіміздің жданындағы «Балауса» жазғы сауықтыру лагерінде 1 маусым балаларды қорғау мерекесіне орай «Жасұлан», «Балдырған» топтарында «Көңілді старт» спорттық ойыны өткізілді. Спорттық іс-шараның мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттап, балаларға спортты көңілді ойын түрінде өткізіп, көңілді демалыс сыйлау. Спорттық сайысқа 2 команда қатысып, жеңімпаз команда «көңілді смайликтермен» марапатталды.