2022 жылдың 25 мамырында мектеп-лицейімізде «Сыңғырла, соңғы қоңырау» атты салтанатты жиын өткізілді.
2022 жылдың 25 мамырында мектеп-лицейімізде «Сыңғырла, соңғы қоңырау» атты салтанатты жиын өткізілді. Балқаш қалалық мәслихатының хатшысы Муслымов Ахат Кадырович іс-шарамыздің құрметті қонағы болды. Түлектеріміз іс-шараны ұлылықтың дара шыңын бойымызға дарытқан ақын, Ұлы тұлғамыз Абай атамыздың рухына тағзым етіп, гүл шоқтарын қою рәсімінен бастады. Мектеп-лицей директоры К.Т. Рахимберлина, мәслихат хатшысы А.К. Муслымов, және түлектердің алғашқы ұзтазы А.А. Дауренбекова, сынып жетекшілері Е.Т. Карибжанов, Н.А. Коккозова және ата-аналары оқушыларды мектеп бітірулерімен құттықтап, ақ жол тілеп, жылы лебіздерін білдірді. Өнері мен білімін өз бойларына өре білген еліміздің ертеңгі тізгінін қолға алар, үлкен өмірге ұшқалы отырған түлектерімізді мектеп бітірулерімен құттықтаймыз!