Жолда жүру тәртібі мен қауіпсіздік ережесі

Дата: 2022-05-23 15:56:30
Жолда жүру тәртібі мен қауіпсіздік ережесі
1. Көшеден өту үшін арнайы белгіленген жермен жүрген дұрыс
2. Жолды бағдаршамның жасыл сигналына ғана өтіңіз. 
3. Жолды арнайы «зебра» белгісімен белгіленген жаяу жүргіншілер жолымен кесіп өтіңіз. 
4. Бағдаршам орнатылмаған жердегі жаяу жүргіншілер жолымен өткен кезде, әуелі сол жағыңызға қараңыз, жолдың ортасына келгенде оң жағыңызға қараңыз.
5. Көліктің алдынан жүгіріп өтпеңіз. Оның өтіп кеткенін күтіңіз. Жүргізуші тежегішті басып үлгермеуі мүмкін, ал Сіз абайсызда құлап өзіңіздің де, жүргізушінің де өміріне қауіп төндіретін апатты жағдай туғызуыңыз мүмкін. 
6.Жолдан өтерде автобусты артынан айналып өту керек екенін есіңізден шығармаңыз. 
7. Қала маңындағы пойызбен жүрген кезде де тәртіп сақтаңыз: темір жолдан арнай белгіленген жерлерден өтіңіз. 
8.Қоғамдық көлікте өзін – өзі ұстау ережелерін сақтаңыз, сыпайы болыңыз, егде жастағы жолаушыларға, мүгедектерге, екіқабат және балалы жолаушыларға орын беріңіз.