«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Әлемді кітап арқылы танимын» атты кітап фестивалі ұйымдастырылды.
Дата: 2022-04-29 22:30:34
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде берген тапсырмасына сәйкес Білім және Ғылым министрлігі «Оқуға құштар мектеп» жобасын бекіткен болатын. Аталмыш жоба кітап оқу арқылы балалардың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруға шақырады. Осыған орай, мектеп-лицейіміздің акт залында 23 сәуір - Бүкіләлемдік кітап және авторлық құқық күніне орай қаламыздың 85 жылдығы, «Балалар жылы», «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Әлемді кітап арқылы танимын» атты кітап фестивалі ұйымдастырылды. Шара барысында білім алушыларымыз «Портрет галереясы» атты пазл құрастыру ойынына қатысып, сұрақтарға жауап беріп, мақал-мәтелдердің жалғасын тапты. Сонымен қатар, 9 А сынып оқушылары Мұқағали Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасының желісі бойынша, 5 А сынып оқушылары Ахмет Байтұрсынұлының И.А.Крыловтан аударған «Қарға мен түлкі» мысалынан қойылымдарын көрермендерге паш етті. Фестивальде аталмыш жоба аясында жыл бойы белсенділік танытқан үздік сыныптар мен белсенді оқырмандар марапатталды. Ең үздік оқырман сынып кубогына 6 А сынып оқушылары ие болды. Құттықтаймыз!