Сыныптан тыс іс-шаралар

Дата: 2022-04-15 10:56:55
Сыныптан тыс іс-шаралар

2022 жылдың 14 сәуір күні «Абай атындағы №2 мектеп- лицейі» КММ- де мектеп күнінің тәрбиелік іс- шаралар бөлімі бойынша сыныптан тыс іс-шаралар өтті. 3–сыныпта бастауыш сынып мұғалімі К.Ш.Битанова Балқаш қаласының 85 жылдығына орай, «Ару қала – Балқашым» тақырыбында сынып сағатын өткізді. Оқушылар өлкеміздің тарихы мен қаламыздың дамуына елеулі үлес қосқан белгілі тұлғалар туралы мағлұмат ала отырып, туған жерге, елге деген сүйіспеншілік сезімдерін көрсетті. Мектебімізде дәстүрлі түрде жүргізіліп келе жатқан «Абай – руханияттың алтын қазығы» жобасы аясындағы «Еркін микрофон» және «Қазақтың 100 әні» жобасы аясында 6 А сынып жетекшісі Ж.Е.Еркинова мен 6 Б сынып жетекшісі "Көкірегі сезімді, тілі орамды, Жаздым үлгі жастарға бермек үшін..." әдеби – танымдық қойылым өткізді. Қойылым барысында «Абай жолы» романынан шағын көрініс көрсетіліп, оқушылар Абай өлеңдерін мәнерлеп оқып, әндерін айтты. Жоғары сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру мақсатында 9 В сынып жетекшісі А.М.Тускеева «Мамандықтың бәрі жақсы, қажеттісін таңдай біл» тақырыбында тәрбиелік шара өткізді. Оқушылар «Padlet» тақтасымен, «Learningapps» платформасымен жұмыс жасап, «Жаңа мамандықтар атласының» мақсаты және Univision.kz сайты туралы тың мәліметтермен танысты.