"Ауылдағы екі апта "жобасы аясында

Дата: 2022-04-13 16:02:09

"Ауылдағы екі апта "жобасы аясында 2022 жылдың 12 сәуір күні "Көктемгі ауыл тынысы» атты презентация көрсетілді. Мақсаты: Көктемгі табиғатта болатын өзгерістерді, олардың жыл мезгілдерін сипаттайтын басты ерекшеліктерін түсіндіру. Жыл мезгілдері туралы жалпы түсінік беру барысында,  табиғат құбылыстарының өзгеріп отыратын отыратынын түсінуге жағдай туғызу. Осы орайда өз презентациясымен 10 А  сынып оқушысы Нығытай Айжан, Жакупова Хадиша,  Саматова Айдана сынды оқушылар өздерінің жасаған презентацияларын оқушыларға таныстырып көрсетті. Барлық оқушылар өз ойларымен бөлісіп,  ауылға деген сағыныштарын жеткізді.