«Көңілді старт» спорттық жарысы

Дата: 2022-04-06 18:36:37
«Көңілді старт» спорттық жарысы

6 сәуір- Бейбітшілік пен даму үшін халықаралық спорт күніне орай дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері З.Ахмет пен Т.А.Молдажанованың ұйымдастыруымен 4-6 сыныптар арасында «Көңілді старт» спорттық жарысы өтті. Жарыстың мақсаты: оқушыларды спорттық ойындарға бейімдеу, денсаулықтарын жақсарту, қызығушылықтарын арттыру. Оқушылардың адамгершілік, күш, ерік-жігер мен адамдық қасиеттерді дамыту. Дене шынықтыру жаттығулармен өз бетінше шұғылдануға баулу.