Размер шрифта:

30 наурыз күні Абай атындағы №2 мектеп-лицейінде жоспарлы педагогикалық кеңес өтті. Тақырыбы: "Жаһандық құзыреттілікті дамыту курстарының білім алушылардың ХХІ ғасыр дағдыларын дамытудағы рөлі".

Date: 2022-03-30 21:04:20
30 наурыз күні Абай атындағы №2 мектеп-лицейінде жоспарлы педагогикалық кеңес өтті. Тақырыбы:

30 наурыз күні Абай атындағы №2 мектеп-лицейінде жоспарлы педагогикалық кеңес өтті. Тақырыбы: "Жаһандық құзыреттілікті дамыту курстарының білім алушылардың ХХІ ғасыр дағдыларын дамытудағы рөлі". Педагогикалық кеңестің І-ші бөлімінде мұғалімдермен "Эмоционалдық интеллект және сыни ойлау" тақырыбында психологиялық тренингті лицей психологтары А.А. Толетаева және Ж.А. Шармуханбетова жүргізді. Тренинг барысында жалпы адам бойындағы интеллектінің түрлері айтылып, қадамдары бойынша психологиялық әдістер жасалды.

"Әдеп және парасаттылық" курсының жүру барысы, мазмұны және әдіс -тәсілдері туралы Г.Қ.Қуанышбекова ақпары тыңдалды. 2021-2022 оқу жылындағы тәрбие бағытының негізі болатын "Оқушылардың өзін-өзі басқаруы-мектеп парламентінің жұмысы" тақырыбында Ә.М.Өмірхан директордың ТІЖО таныстырып өтті.

"Инттелектум" факультатив курсы бойынша "Ойын арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту" тақырыбында Ш.Д.Стамбекова тәжірибесімен бөлісті.

Педагогикалық кеңестің ІІ-ші бөлімінде ІІІ тоқсанның білім сапасына сараптама жасалды. Әр сынып және пәндер бойынша сапа көрсеткішінің мониторингісі көрсетіліп, пән мұғалімдерінің есебі тыңдалды. Сонымен бірге мұғалімдердің кәсіби құзыреттіліктерін шыңдау мақсатында өткен әдістемелік көрме қорытындысы шығарылып, сараптама жасалды. Алтын белгі мен үздіктер мониторингісі көрсетілді, болашаққа жоспар қабылданды. Мұғалімдердің дарынды баламен жұмыс жасау монниторингісі зерделенді. Педагогикалық кеңесті мектеп- лицей директоры К.Т.Рахимберлина жүргізді, маңызды жауапты шешімдер қабылданды.

Author: Lyceum №2