Размер шрифта:

«Түнгі қаладағы жасөспірім» рейді

Дата: 2022-03-14 11:42:14
«Түнгі қаладағы жасөспірім» рейді

   2021-2022 оқу жылының  12  наурыз күні түнгі уақытта, яғни түнгі сағат 23.00-ден кейін  көше кезіп жүрген кәмелеттік жасқа толмағандарды анықтап қана қоймай, баласын қараусыз жіберген ата-аналарды жауапкершілікке тарту, құқықбұзушылықты болдырмаудың алдын  алу мақсатында кестеге сәйкес лицей мұғалімдерінің  қатысуымен «Түнгі қаладағы жасөспірім» рейді өтті.

Рейдке қатысқандар:

  1. М.Сейткалиева -  ДТЖО
  2. А.М.Тохметова - әлеуметтік педагог
  1. З. Ахмет- дене шынықтыру пәні мұғалімі
  2. С. Мусина - 11Ә сынып жетекшісі
  3. Н.Досыбаев- 6Ә сынып жетекшісі
 

  6)  А.А.Нұрбек - лицей инспекторы

     Рейд барысында адам қарасы азаймайтын қала орталығын, қоғамдық орындарды, соның ішінде ойын-сауық орындарын , дүкендерді тексердік.

Рейд барысында ешқандай құқықбұзушылық, тәртіпсіздік ,заң бұзушылық жасаған 18 жасқа толмаған балалар анықталған жоқ.