«Ашық есік күні» іс-шарасы
Дата: 2022-03-14 10:06:17
2021 жылдың 5-ші қаңтарында Балқаш сервис колледжінде «Ашық есік күні» іс-шарасы өтті. Іс-шара мақсаты – түлектерді колледж өмірімен, колледжде оқытылатын мамандық түрлерімен таныстыру, сол арқылы осы колледжде білім алуларына ұсыныс білдіру.
Іс-шараға лицейіміздің 9-сынып оқушылары қатысты. Колледж мамандары оқушыларды колледж мекемесінің ғимаратымен, ұстаздарымен, мамандықтарымен, жатақханаларымен таныстырды. Соңынан оқушылар аспаздық бөлмеде салат әзірлеу әдістерін үйреніп, шаштараз-модельер бөлмесінде шаштараздық мамандықтың қыр-сырымен танысты. Колледж студенттері тегін түрде оқушылардың сұранысы бойынша шаштарын қысқартып, әрлендіріп берді.
Балқаш сервистік колледжінде оқытылатын мамандықтар: аспаз, кондитер, шаштараз-модельер, аппаратураны жөндеу және оған қызмет көрсету радиомеханигі (радио, теле, аудио, видео), туристік агент, тігінші.