Бейнетүсірілім

Дата: 2022-03-03 14:18:00
Бейнетүсірілім

Осыдан дәл 30 жыл бұрын, 1992 жылғы 23 қаңтарда БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі өзінің 3034-ші отырысында Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымына мүшелікке қабылдау туралы өтінішін қарап, Бас Ассамблеяға «Қазақстан Республикасын БҰҰ-ның мүшелігіне қабылдауды» ұсынатын 732 (1992) қарарын бірауыздан қабылдады. Қазақстан 1992 жылдың 2 наурызында Біріккен Ұлттар Ұйымының 168-ші мүшесі ретінде тіркелді. Бұл дүниежүзілік қоғамдастық мойындаған маңызды оқиға еді. Себебі, 1945 жылы құрылған аталмыш ұйым 77 жыл өтсе де, қазіргі таңға дейін баламасыз жаһандық ұйым ретінде адамзат қажеттілігі мен мүддесі үшін қызмет етіп келеді.