Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы

Дата: 2022-02-28 09:42:18
Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы
«Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында 2022 жылы ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы шығармалары оқуға ұсынылды. Сонымен қатар, Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтпек. Қазақ елі үшін Ахмет Байтұрсынұлы ерекше тұлға, ол мемлекет қайраткері, ғалым, ағартушы, ақын, публицист, ұлттық жазудың реформаторы, қазақ лингвистикасы мен әдебиеттанудың негізін қалаушы. Осыған орай, Абай атындағы мектеп-лицейі кітапханасында «Ахмет Байтұрсынұлының тағылымы» атты оқырмандар конференциясы ұйымдастырылды. Аталмыш іс-шараға мектеп-лицейінің 5 А сынып оқушысы Салық Диана, 9 А - Мейрамбекова Арайлым, Мұратхан Ақерке, 8 «Ә» сынып оқушылары мен «Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ №1 кітапхана-филиалының меңгерушісі М.Қ.Утепова қатысты. Меңдігүл Қозыкөрпешовна ұстаздың шығармашылығы мен өмір жолына тоқталып, оқушылармен нақыл сөздерін талқылады. И.А.Крыловтың туындыларынан аударған «Қырық мысал» кітабынан «Қарға мен түлкі», «Шаян, шортан һәм аққу» мысалдары аясында оқушылар өз ойларын ортаға салып, ойларымен бөлісті.
Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылығын келесі бағыттар бойынша оқу ұсынылды:
1. «Ахмет Байтұрсынұлының ғылыми мұрасы»;
2. «Ахмет Байтұрсынұлының әдеби шығармалары»;
3. «Ахмет Байтұрсынұлының қанатты сөздері»;
4. «Қазіргі заманғы ахметтану ғылымы».
 
#Абаймектеплицейі
#АхметБайтұрсынұлы150жыл
#АхметБайтұрсынұлыЮНЕСКО