"Жабайы алма"
Дата: 2022-02-25 12:58:36
Жазушы Сайын Мұратбековтың "Жабайы алма" (1972) повесі - соғыс жылдарындағы ауыл өмірі, ауыр тұрмыс, қажырлы еңбек, адалдық пен адамгершілікті сөз ететін шығарма.
Сұрапыл соғыс жылдарындағы қабырғасы қайысқан балалық шақтың ауыр тіршілігі қаз қалпында суреттеледі. Повестің түйіні жаманнан жиренуге, жақсыны үйренуге үндейді. Кейіпкерлер қандай қиыншылықтарға, тағдырдың талқысына түссе де, адамдық бейнені, адамгершілік қасиетті жоғалтпауға, өмірге деген үміттен түңілмеуге, тағдыр тауқыметіне мойымауға, адалдық пен әділдікті баян етіп, адал жанын, таза ниетін бойында сақтап қалуға тырысады. Осы шығарманы «Абай атындағы №2 мектеп – лицейі» КММ-нің 11 Ә сыныбы оқушылары «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында жоспарға сай 20 минуттық кітап оқу сағатында оқуды қолға алды.