Республикалық ғылыми жоба конкурсы

Дата: 2022-02-25 12:29:27
Республикалық ғылыми жоба конкурсы

        Оқушылардың ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық қызметін ынталандыру, ең талантты және дарынды жас зерттеушілерді іріктеу және оларға қолдау көрсету мақсатында "Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен 2022 жылғы 21-25 ақпан аралығында Шымкент қаласында 9-11 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жоба конкурсы өтті. 14 аймақтан 749 оқушы, 597 жобамен қатысты.

Қарағанды облысынан 33 оқушы (28 жоба) 9-11 сынып оқушылары қатысып 2 алтын, 2 күміс, 5 қола, 4 мадақтама және 5 жеңімпаз оқушы жоғары оқу орындары грантына ие болды.

          Осы дарынды оқушылармен бірге Балқаш қаласының Абай атындағы №2 мектеп-лицейінің 10А сынып оқушысы Тілеубай Аслан физика секциясында өз жобасын қорғап жүлделі ІІІ орынға ие болды. Ғылыми жееткшісі: Рахимова Ж.Т. – физика пәнінің мұғалімі. Жеңімпаз оқушылар мен мектеп ұжымдарын жеңістерімен құттықтай отырып, Асланға ЖОО-ның грант иегері атануына тілектеспіз.