Ауған соғысының ардагері, интернационалист-жауынгер, отставкадағы капитан Нұрғалиева Ләззат Мүбаракқызымен кездесу

Дата: 2022-02-16 17:23:56
 Ауған соғысының ардагері, интернационалист-жауынгер, отставкадағы капитан Нұрғалиева Ләззат Мүбаракқызымен кездесу

2022 жылдың 16 ақпан күні бастауыш әскери және технологиялық дайындық пәнінің  мұғалімі Н.Қ.Кәрібайдың ұйымдастыруымен  «Жас сарбаз» патриоттық және әскери – спорттық клубы  мүшелері  Ауған соғысының ардагері, интернационалист-жауынгер, отставкадағы капитан Нұрғалиева Ләззат Мүбаракқызымен кездесу өткізді. Кездесу барысында Ләззат Мүбаракқызы Ауған соғысының қайғы- қасіреті, қиындығы туралы айта келіп, жас ұрпаққа патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалардың ерлігін үлгі ете отырып, елін, жерін сүюге, бейбіт өмірдің бағасын білуге шақырды.