«Қуыршақ» театры

Дата: 2022-02-15 20:01:19
«Қуыршақ» театры
            Балаларды өнер әлеміне дәріптеу мақсатында, оның ішінде қуыршақ театры бала жүрегі ұмтылатын мейірбандылық пен ғажайып әлемнің бейнесі. 15 ақпан күні мектеп-лицейіміздің кітапханасының ұйымдастыруымен Coworking орталығында «Балқаш қаласының Мәдени-сауық орталығы» КМҚК жанындағы «Қуыршақ» театрының жас әртістері және оның жетекшісі Меруерт Нурашқызы Утенова 1 сынып оқушыларының назарына Ы.Алтынсаринның «Әке мен бала» әңгімесінің желісі бойынша және ақпан айы мұзбалақ ақын Мұқағали айы деген тақырыпта «Сәби болғым келеді» атты авторлық қойылымдарын көрсетті. 
             Мұқағали ақынның өлеңдері ең әуелі адамдарды адалдыққа, тазалыққа, мейірімді болуға, жас ұрпақты Отанды сүюге, туған жерді құрметтеуге, ана тілімізді ардақтауға, қарттарымызды қадірлеуге үйретеді. Бұл қойылыммен Алматы қаласындағы ІІ-Халықаралық өнер байқауында бас жүлдеге ие болды. Балалардың ерекше қызығушылығын тудырған театр қоймасындағы қуыршақтармен театрдың жетекшісі Меруерт Нурашқызы таныстырып, олардың қалай ойнатылатынын көрсету дәрістерімен бөлісті.