"Тау тұлғалы талантқа тағзым " атты мәнерлеп оқу байқауы

Дата: 2022-02-12 09:54:28

"Мұқағали- мәңгілік ғұмыр" атты апталықтың іс - шаралар жоспарына сай 2022 жылдың 9 ақпан күні М.Мақатаевтың туған күніне орай, мектеп- лицейіміздің  7-11 сынып оқушылары  арасында "Тау тұлғалы талантқа тағзым " атты мәнерлеп оқу байқауы өтті. Байқауға бірнеше оқушылар белсене қатысып, нәтижесінде 8 А сынып оқушысы Абзалбекова Мархаббат жүлделі I орынмен, 9 А сынып оқушылары: Мұратқан Ақерке мен Түймебай Мадина жүлделі II орынмен, 9  Б сынып оқушысы Ақылбекова Зульфия мен 8 В сынып оқушысы Сәнеке Аружан жүлделі III  орынмен марапатталды. Байқауда 9 А сынып оқушылары М.Мақатаевтың "Аққулар ұйықтағанда" поэмасынан көрініс қойып, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.