Размер шрифта:

Қазақ халқының ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай 8 ақпан күні мектеп-лицей кітапханасының ұйымдастыруымен «Мұқағали - поэзия мұзбалағы» атты 4 сыныптар арасында мәнерлеп оқу сайысы ұйымдастырылды.

Дата: 2022-02-10 14:21:48
Қазақ халқының ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай 8 ақпан күні мектеп-лицей кітапханасының ұйымдастыруымен «Мұқағали - поэзия мұзбалағы» атты 4 сыныптар арасында мәнерлеп оқу сайысы ұйымдастырылды.

Қазақ халқының ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай 8 ақпан күні мектеп-лицей кітапханасының ұйымдастыруымен «Мұқағали - поэзия мұзбалағы» атты 4 сыныптар арасында мәнерлеп оқу сайысы ұйымдастырылды. Сайыстың мақсаты: Қазақ поэзиясының мұзбалағы атанған ақынның өмірі, шығармашылығымен таныстыру, поэзия құдіретін таныту. Қатысушылар ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқып, өз шеберліктерін ортаға салды. Сайыстың қорытындысы бойынша Диплом Бас жүлде 4 «Ә» сынып оқушысы Мұратқызы Дилара, 1-ші дәрежелі диплом 4 «Б» сынып оқушысы Арғын Дастан, 2-ші дәрежелі диплом 4 «Б» сынып оқушысы Тлеуқұл Нұрхат, 3-ші дәрежелі диплом 4 «В» сынып оқушысы Рахмендиева Аружан, қалған қатысушылар Алғыс хатпен марапатталды. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!