«Абай атындағы №2 мектеп-лицейі» КММ- де 2022 жылдың 31 қаңтар күні өткізілген сынып сағаттары туралы ақпар
Дата: 2022-02-01 14:38:53
2022 жылдың 31 қаңтар күні «Абай атындағы №2 мектеп - лицейі» КММ-нің сынып жетекшілері жылдық жоспарға сай сынып сағаттарын өткізді.
1-сыныптар: Әлеуметтік жоба. «Фейк және мен» Мақсаты: Фейк сөзінің мағынасын түсіндіру. Өтірік айтпауға, жалған сөйлемеуге, шындық пен өтірікті ажырата білуге үйрету. Өзара адал қарым қатынас жасау іскерліктерін дамыту, шыншыл, адал болуға тәрбиелеу.
2- сыныптар: «Интернет қолданушысының әліппесі» әлеуметтік жобасы Бүкіләлемдік өрмек – интернетке байланысты оқушыларда толық ой қалыптастыру, пайдасы мен зиянын түсіндіру. Оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін жетілдіру, шығармашылыққа баулу. Оқушылар өз ойларын тиянақты жете айта білуге, өздерін сабырлы әрі тәртіпті болуға, басқаны тыңдай білуге тәрбиелеу.
3- сыныптар: «Интернет әлемі» әлеуметтік жобасы
4- сыныптар: «Интернет дос па әлде жау ма?» әлеуметтік жобасы Сабақтың мақсаты: Интернеттің пайда болу тарихы мен Қазақстанда пайда болу тарихы туралы мағлұмат беріп, білімдерін кеңейту. Оқушылар мен ғаламтор туралы пікірталас өткізіп, өз ойларын дәлелдеп қорғай білуге тәрбиелеу. Ғаламторды пайдалану ережелерімен таныстырып, ғаламтордың пайдасы мен зиянын түсіндіру. Өмірде ғаламторды саналы қолдануға үйрету.
5- 6- сыныптар: «Медиа және ақпараттық сауаттылық. Сетикет -интернеттегі мінез -құлық ережелері» Мақсаты: Бүкіләлемдік өрмек – интернетке байланысты оқушылардың білімдерін нығайту, тиянақтау; Оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылыққа баулу, пәнге қызығушылығын арттыру;
7-8-сыныптар: «Медиа және ақпараттық сауаттылық»
9-сыныптар: «Медиа және олардың адам өміріндегі ролі»
10- сыныптар: «Медиа сауатты болу деген не?» Мақсаты: Медиа сауттылықтың не екенін көрсету және маңызын түсіндіру.
11-сыныптар: «Виртуалды кеңістік және денсаулық»