Размер шрифта:

"Денсаулыққа қауіп - темекі, ішімдік, есірткі" тақырыбында дәріс сабағы

Дата: 2022-01-26 14:40:32

«Абай атындағы №2 мектеп-лицейі» КММ-нің апталық жоспарына сай  8 - сыныптар арасында Ж.Б.Джабаспаеваның, 7 – сыныптар арасында Н.М.Нұрланның  ұйымдастыруымен  "Денсаулыққа қауіп - темекі, ішімдік, есірткі" тақырыбында дәріс сабағы өткізілді. Дәріс сабақтың мақсаты: қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі темекі, есірткі, ішімдік туралы, олардың құрамы, адам ағзасына тигізер зияны туралы дерек келтіре отырып, зиянды әдеттерден аулақ болуға, темекіге, ішімдікке, есірткіге үйір болмауға тәрбиелеу. Іс-шара барысында ситуациялық жағдайларды келтіре отырып, одан шығу жолдарын қарастырып, ойларын ортаға салды.