Мәнерлеп оқу сайысы

Дата: 2022-01-21 14:43:10
Мәнерлеп оқу сайысы

2021 жылдың  22 қазан күні " Абай атындағы №2 мектеп-лицейі" КММ де Қасым Аманжоловтың 110 жылдық мерейтойына орай мектеп парламентінің ұйымдастыруымен " Дүниеге келер әлі талай Қасым" атты мектеп ішілік мәнерлеп оқу  сайысы өтті. Сайысқа ақын,сазгер, "Пульс" газетінің тілшісі Сәденов Қуандық, директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары Жақсыгельдина Шамшат Тілековна, мектебіміздің кітапханашысы Булганбай Хапура әділ қазылық етті. Сайыс 7-11 сыныптар арасында өтті.Сайыс соңында Қасым Аманжоловтың "Дариға сол қыз" өлеңіне көрініс қойылыды. І орын 9"А" сыныбының оқушысы Бақтораз Жанерке иеленді.Оқушыға диплом және ип "NOI" дың демеушілігімен 5000тг сертификаты табыс етілді. ІІ орын 10 "А" сынып оқушысы Алғамжанов Мейіржан иеленді. Оқушыға арнайы диплом мен ип" NOI" демеушілігімен 4000тг сертификат табыс етілді. ІІІ орын 9 "Б" сыныбының оқушысы Естай Мадина иеленді. Оқушыға диплом және ип "NOI" дың демеушілігімен 3000 тг сертификат табыс етілді.