"Не? Қайда?, Қашан?" атты зияткерлік ойыны
Дата: 2022-01-21 12:05:33
Оқу сауаттылығы апталығы аясында Ж. Б. Джабаспаеваның ұйымдастыруымен 8 сыныптар арасында "Не? Қайда?, Қашан?" атты зияткерлік ойынын өткізді. Ойын Wordwall платформасында жүргізілді. Ойының мақсаты сұрақ қою арқылы ақын жазушылардың шығармашылығына саяхат жасап, талдау жасай отырып, өз білгендерін, ойларын жеткізу арқылы сұрақтың толық жауабын ашу болды. Абайдың қара сөзін, М.Мақатаевтың өлеңдерін жатқа оқып шыққан оқушылар да болды. Атап айтсақ, Абзалбекова Мархаббат, Кудайбергенова Фатиманы айтуға болады. Осы сайыста өз білгендерін ортаға салып, шеберлігімен көзге түскен оқушылар: Қуанышқызы Еркеназ, Шапей Минура, Айтмағанбет Әлем. Соңы оқушылардың " Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында оқып жатқан кітаптары туралы айтып, өз ойларымен бөлісті.