11 қаңтар күні Абай атындағы№2 мектеп-лицейінде "Үш тілде білім беруді дамыту"тақырыбында әдістемелік кеңес өткізілді.
Дата: 2022-01-20 21:28:38
11 қаңтар күні Абай атындағы№2 мектеп-лицейінде "Үш тілде білім беруді дамыту"тақырыбында әдістемелік кеңес өткізілді. Әдістемелік кеңесте "CLIL технологиясының химия пәнінде кіріктірілуі" Мұқамеди Р.С. педагог -зерттеуші.
Критериалды бағалау жүйесі. "Физика пәнінде БЖБ және ТЖБ тапсырмаларын құрастыру,сараптама жасау" Рахимова Ж.Т. педагог -сарапшы.
"Сабақты зерттеу"әдісінің жүру барысы.Коккозова Н.А. тақырыптары бойынша іс тәжірибелер ортаға салынды.Сонымен бірге педагогтарды аттестатаудың жаңа ережесі презентация арқылы таныстырылды. Бастауыш сынып мұғалімдерінің І-ші жарты жылдықтағы кәсіби даму мониторингісі сараланды. Облыстық "Зейін" жобасы бойынша өткен "Тарих толқынында"апталығының қорытындысы шығарылды. Әдістемелік кеңеске 67 мұғалім қатысты. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Ш.Т.Жаксыгелдина кеңес шешімін шығарып, жаңа тоқсанның міндеттерімен таныстырды.