«ХХІ ғасыр – сауатты ұрпақ ғасыры» оқу сауаттылық апталығы

Дата: 2022-01-20 11:16:42
«ХХІ ғасыр – сауатты ұрпақ ғасыры» оқу сауаттылық апталығы
«ХХІ ғасыр – сауатты ұрпақ ғасыры» оқу сауаттылық апталығы аясында қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Имухаметова С.С. ұйымдастыруымен 11"Ә"сынып оқушыларымен ZOOМ платформасы арқылы «Қаңтарда жүрген қаламгерлер » конференция өткізілді.
Мақсаты: Оқушыларды қаңтар айында туған қаламгерлердің шығармашылығы, өмір жолы туралы таныстырып, ақын жазушылардың еңбектерін насихаттау, құрметтей білуге үйрету. Оқушыларды өз ойын айта білуге дағдыландыру.
 Өзіндік шеберлігі, ойлау деңгейінің жоғарылығын көрсеткен оқушылар: Жасұланқызы Алида, Әбеуова Анель, Жақсылыққызы Алия, Тарғынова Жансая баяндама жасап ерекше көзге түсті. Қаңтар айында туған қаламгерлер: Ахмет Байтұрсынов, Қадыр Мырза Әлі, Ілияс Есенберлин, Сейіт Кенжеахметұлының шығармашылық жолына арналған бейнебаяндарын ұсынды. Конференция барысында оқушылар өз ойларымен, тың пікірлерімен бөлісіп, қаламгерлердің шығармаларының құндылығын насихаттай түсті.