«Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» зияткерлік сайыстың өткізілуі туралы ақпар
«Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» зияткерлік сайыстың өткізілуі туралы ақпар
Оқу сауаттылығы апталығы: «ХХІ ғасыр – сауатты ұрпақ ғасыры» апталық аясында қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Имухаметова С.С. ұйымдастыруымен 8А сыныбында «ZOOМ платформасы» арқылы
«Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» зияткерлік сайыс өткізілді.
Мақсаты: Оқушылардың Оқушыларды «Сөз мәйегі- мақал» дегендей ата – бабамыздан қалған өсиет сөздері арқылы адамгершілікке, тапқыр сөйлеуге, салмақты ой айтуға үйрету. Мақалдап- мәтелдеп сөйлеу өнеріне дағдыландыру.
Оқушылар «Сөз мәйегі мақал»,«Жалғасын тап»,Жасырдым жұмбақ,«Мақал- тест»,«Тақырыпты мақалдар» атты сайыс тәртібі бойынша өзара білімдерін сынасты. Сөз шеберлігі, ойлау деңгейінің жылдамдығын көрсеткен оқушылар: Абзалбекова Мархаббат, Көптілеу Инара, Құдайбергенова Фатима, Бекен Ақниет ерекше көзге түсті.