Онлайн ата- аналар жиналысы
Дата: 2022-01-17 17:00:44
2022 жылдың 15 қаңтар күні «Абай атындағы №2 мектеп- лицейі» КММ- нің 1-11- сыныптардың сынып жетекшілері зуум платформасы арқылы онлайн ата- аналар жиналысын өткізді. Әр сынып жетекші күн тәртібіндегі мәселелерге жекелей тоқтала отырып, 2022 жылдың 17 қаңтарынан бастап білім беру ұйымдарындағы оқыту форматы бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Күн тәртібі:
1. III тоқсанның басталуы. Қарағанды облысында карантиндік шектеу шаралардың күшеюіне, санитарлық эпидемиологиялық жағдайдың төмендеуіне байланысты қашықтықтан оқытуға көшу туралы мәлімет.
2. Санитарлық талаптарды сақтай отырып оқушылардың маска тағуы, карантиндік режимді сақтауы, т.б.
3. Кәмелеттік жасқа толмағандардың арасында құқықбұзушылықтың алдын алу /кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінсіз түнгі уақытта жүрмеуі/
4. 12 жастан бастап 18 жасқа дейінгі оқушылардың вакцинация алу мәселесі.