2021 жылдың 22-26 қарашасы аралығында «Абай атындағы №2 мектеп-лицейі» КММ-сінде «Біздің мектептің асханасы!» акциясы өтті.
Дата: 2021-11-28 13:18:24
2021 жылдың 22-26 қарашасы аралығында «Абай атындағы №2 мектеп-лицейі» КММ-сінде «Біздің мектептің асханасы!» акциясы өтті.
Мектеп парламентінің депутаттары, қамқоршылық кеңесінің төрағасы, әлеуметтік педагогтің және аға тәлімгердің жетекшілігімен мектеп асханасының жағдайын тексерілді. Акция аясында «Қамқорлық» фракциясының депутаттары тамақтану кезінде оқушылардың өзін-өзі ұстау мәдениеті, санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтау ұйымдастырылуын, оқушыларының ұтымды тамақтануын тексерді.
Әлеуметтік педагогтың ұйымдастыруымен «Сізге мектеп асханасы ұнай ма?» тақырыбында оқушылардан сауалнама алынды. Сауалнама нәтижесімен асхана қызметкерлері таныстырылды. Акция басталған күннен бастап «Мектеп оқушыларының дұрыс тамақтану ережелері», «Дұрыс тамақтану» туралы презентациялар мен бейнебаяндар көрсету үнемі жүзеге асырылып отырды.