«Оқуға құштар мектеп» жобасы
Дата: 2021-11-25 19:47:04
Көшпенділер трилогиясы
25 қараша күні 11 А сынып оқушылары «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Көшпенділер» трилогиясын оқып, аяқтап, оқырман конференциясымен түйіндеді.
Көшпенділер - Ілияс Есенберлиннің алты кітаптан тұратын тарихи эпопеясы. Бұл шығарма - қазақ сөз өнерінің әлемдік нұсқасына қосылған тарихты көркемдік пайымдаудың үздік үлгілерінің бірі, партиялық идеологияның қылышынан қан тамып тұрған уақытта дүниеге келген шығарма. Трилогия Алмас қылыш, Жанталас, Қаһар деген бөлімдерден тұрады.
Көшпенділер трилогиясында бес ғасырлық оқиға, яғни, ХV-ХIХ ғасыр аралығындағы Қазақ хандығы өмір сүрген кезең суреттеледі. Шығарма кейіпкерлері – негізінен, тарихи тұлғалар, Шыңғысхан дәуірінен басталып Кенесарымен аяқталатын қазақ мемлекетінің бастау көзі мен қиын-қыстаулы тағдыр-талайының басында тұрған хандар тізбегі, ел мұңы мен арман-тілегінің хабаршысы – ақын-жыраулар, ел мен жер үшін, ұрпақ болашағы үшін жан аямай шайқасып, Отанын қорғай білген арыстан жүрек, атан жілік батырлар. Бұлар – ел есінде аттары жатталып, тарихта қалған, өмірде болған тұлғалар.
1. Алмас қылыш романында - Әбілқайыр хан, Жәнібек хан, Керей хан
2. Жанталас романында - Қасым хан, Хақназар хан, Абылай хан, Бұқар жырау
3. Қаһар романында - Асан қайғы, Қазтуған, Кенесары хан, Ағыбай батыр сияқты тарихи, аты аңызға айналған тұлғалар басты кейіпкерлер болып табылады.