Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес отырысы туралы ақпарат

Дата: 2021-11-22 19:57:38
Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес отырысы туралы ақпарат

«Балқаш қаласы Абай атындағы №2 мектеп-лицейі» КММ

педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес отырысы туралы ақпарат

         2021 жылдың 16 қараша күні өткен кеңес отырысында ҚР БжҒМ 2020 жылғы 11 мамырдағы №190 бұйрығымен бекітілген «Педагогикалық әдеп қағидаларын» қайта қаралып, талқыланды.

        Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің 2021-2022 оқу жылына арналған жұмысының жоспары таныстырылды. Ұжымда конфликт болған жағдайда ҚР «Еңбек Кодексі» талаптарына сай келісім комиссиясы және медиация қызметі туралы ақпарат айтылды.Педагогикалық әдеп нормаларын бұзумен байланысты жанжалды жағдайларды қарастыру және шешу жолдары түсіндірілді. Қоғамда болып жатқан әр түрлі жағдайларға дұрыс оң көздерімен қарау, шешімдерді қабылдағанда әділдік, ашықтық болуын қалыптастыру керек екені айтылды.

        Ұжым мүшелері педагогикалық әдеп нормаларын күнделікті қызметте және қызметтен тыс уақытта қатаң сақтайтындарын айтып, қызу талқылауға қатысты.