Размер шрифта:

«БАЛА ҚҰҚЫҒЫ-АДАМ ҚҰҚЫҒЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АЙЛЫҚТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ӨТКІЗУ БОЙЫНША АҚПАР

Дата: 2021-11-22 15:15:38
«БАЛА ҚҰҚЫҒЫ-АДАМ ҚҰҚЫҒЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АЙЛЫҚТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ӨТКІЗУ БОЙЫНША АҚПАР

20 қараша - Дүниежүзілік балалар күні. Бұл күн кездейсоқ таңдалмаған. Дәл осы күні 1959 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы Бала құқықтары декларациясын қабылдады. Құжат 10 негізгі принциптерді біріктіріп, өзінің түпкі мақсаты - "Балаларды бақытты балалық шақпен қамтамасыз ету"деп жариялады. Осы мақсатқа жету үшін ол барлық азаматтарды тиісті заңнамалық және басқа да шараларды жүзеге асыра отырып, балалардың құқықтарын сақтауға шақырады. Осыған орай 20 қазан 2021 жыл күні  балалардың құқықтары туралы хабардар ету және балалардың құқықтарын қорғау мақсатындамектепте  республикалық "Бала құқығы – адам құқығы"айлығы жарияланып, жоспары жасалып бекітілді. 

Айлық  аясында келесі іс-шаралар жүзеге асты:

  • 20 қазан күні Республикалық «Бала құқығы – адам құқығы» айлығы аясында оқушыларға және ата-аналарға заң білімі саласынан мағлұмат бере отырып  құқықтық білімдерін толықтыру мақсатында  «Бүкіләлемдік балалар күні» тақырыбында ақпараттық стенд безендірілді.
  • Айлық басталған күннен бастап білім алушылардың, ата-аналардың және мұғалімдердің назарына «Бала құқығы асыл қазына» тақырыбында бейнематериалдар көрсету жүзеге асырылып отырды. Жауапты мұғалім: Л.К.Байжуманова.
  • 25 қазан күні «Әр баланың құқығы бар» тақырыбында оқушылардың құқықтары мен міндеттері туралы сынып сағаттары өтті.
  • 28 қазан күні «Мектеп Парламенті»  өзін-өзі басқару ұйымының басшылығымен «Балалық шақты бірге қорғайық» тақырыбында челлендж жарияланып, бейнеролик жарық көрді.
  • 01-05 қараша аралығында қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Қуанышбекова Гүлнар Қасылқызының ұйымдастыруымен 5-6 сыныптар арасында «Барлық әлем мен үшін» тақырыбында эссе жазу сайысы өтті.
  • 03 қараша күні әлеуметтік педагог М.О.Жунусова және педагог –психолог А.А.Толетаеваның ұйымдастыруымен «Мейірімге толы жүрек» тақырыбында қамқоршылар күні өтті.
  • 04 қараша күні тарих пәнінің мұғалімі Е.Т.Карибжанов 10-11 сынып оқушыларына «Бала құқығын қорғау» тақырыбында дәріс сабақ өткізді.
  • 08-12 қараша күндері аралығында информатика пәнінің мұғалімі Қ.А.Аманжол 1-4 сыныптар арасында «Менің міндеттерім» тақырыбында призентация байқауын өткізді.
  • 08 қараша күні дене шынықтыру пәнінің мұғалімі С.Байсақаловтың ұйымдастыруымен 7 сыныптар арасында «Спорт- біздің серігіміз» тақырыбында эстафеталық жарыс ұйымдастырылды.
  • 11 қараша күні аға тәлімгер Г.О.Косманның ұйымдастыруымен «Мектеп Парламенті» өзін-өзі басқару ұйымының  мүшелері  қалалық «Заң және бала» тақырыбындағы дөңгелек үстелге қатысуы өтті.
  • 12 қараша күні әлеуметтік педагог М.О.Жунусова «Тәуелсіз елдің ұрпағы» тақырыбында 8-9 сыныптарға арналған зум платформасы арқылы пікірталас ұйымдастырды.
  • 16 қараша күні «Сырлас» аналар мектебі жоба жетекшісі С.Г.Кенжеканованың ұйымдастыруымен «Бақытты ана- бақытты бала- бақытты ел» тақырыбында ата-аналарға арналған дөңгелек үстел өткізіпбала құқықтары туралы халықаралық Конвенциямен таныстыру жұмысын жүргізді.
  • 15-19 қараша аралығында аға тәлімгер Г.О.Косманның ұйымдастыруымен «Балалар не туралы армандайды» тақырыбында жас блогерлер видео-сайысы өтті.
  • 17 қараша күні «Әлем балалардың көзімен» сурет көрмесі өтті.
  • 18 қараша күні әлеуметтік педагог М.О.Жунусова «Зорлық- зомбылықсыз балалық шақ» акциясын өткізді.

Айлық барысында мектепішілік мобильдік топ мүшелері «Түнгі қаладағы жасөспірім» рейдіне шықты. Жүргізілген рейдтер барысында көңіл көтеретін ойын-сауық орындарына барған, түнде жүрген оқушылар анықталған жоқ.