04.11 күні Абай атындағы №2 мектеп- лицейінде "Заманауи білім берудің әдістемесі, мазмұны және сапасы" тақырыбында кезекті әдістемелік отырыс өтті.

Дата: 2021-11-05 10:09:58
04.11 күні Абай атындағы №2 мектеп- лицейінде

04.11 күні Абай атындағы №2 мектеп- лицейінде "Заманауи білім берудің әдістемесі, мазмұны және сапасы" тақырыбында кезекті әдістемелік отырыс өтті.
Күн тәртібінде:
1."Оқу мақсатына негізделген тапсырмалар құрастыру" Джабаспаева Ж. Б. информатика пәні мұғалімі, педагог-модератор.
2."Сабақта сандық білім беру ресурстарын қолдану тиімділігі" Аманжол Қ. А. информатика пәні мұғалімі, педагог-модератор.
3."Оқу сауаттылығын арттыруда мәтінмен жұмыстың тиімді жолдары" Болат Ж. қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.
4."Жаңартылған білім мазмұнында дене шынықтыру пәнінің ерекшелігі" Байсакалов С. У. денешынықтыру пәнінің мұғалімі, педагог—сарапшы.
5. "Зейін" жобасы аясындағы функционалды сауаттылықты дамытудағы "Шеберлік әлемі" эстетика бағытының апталығының сараптамасы. Усенова Т. О. бірлестік жетекшісі.
Ұсынылған тақырыптар бойынша модераторлар Джабаспаева Ж. Б. және Аманжол Қ. А. мұғалімдермен оқу мақсатына бағытталған тапсырмалар құрастырып топпен жұмыс жасап көрсетті. Болат Ж. "Сөз маржаны" авторлық бағдарламасымен таныстырып, бағыттарын саралап өтті. Орыс тілі пәні мұғалімі Сардарбекова Г. Р. сабақтағы интербелсенді әдістерімен бөлісіп, тиімділігін ашты. Әдістемелік кеңес "Менің білгенім" рефлексиясымен аяқталды. Мұғалімдер әдістемелік қоржындарын жаңа ақпараттармен толықтырды. Іс-шараны директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Ш. Т. Жаксыгелдина ұйымдастырып, жүргізді.