Қазақмыс жобасы аясында "Uztaz—Ulutau" қайырымдылық қоғамы педагогтардың кәсіби дамуына, біліктіліктерін дамытуға қолдау көрсету мақсатында Абай атындағы №2 мектеп—лицейінде педагогтармен "Мектептің ұжымдық мәдениеті" тақырыбында тренинг өткізді.

Дата: 2021-11-04 14:27:30
Қазақмыс жобасы аясында

02.11 күні  Қазақмыс жобасы аясында "Uztaz—Ulutau" қайырымдылық қоғамы педагогтардың кәсіби дамуына, біліктіліктерін дамытуға қолдау көрсету мақсатында Абай атындағы №2 мектеп—лицейінде педагогтармен "Мектептің ұжымдық мәдениеті" тақырыбында тренинг өткізді. Тренингті Алматы қаласындағы орталықтан келген лектор Оразбекова А. С жүргізді. Лицей педагогтарымен мектептегі атмосфералық орта, мұғалім мен ата —ана, мұғалім мен—мұғалім, қарым қатынасы туралы жағдаяттары қаралды.  Ұжымдық мәдениеттің жаңашыл көзқарастары бойынша психологиялық сауалнама алынды. Тренинг "Болашақ мектеп" рефлекциясымен аяқталды.