«Үлкендер жолы – ұлылық, Ұрпағы жүрер ұғынып» тақырыбындағы сынып сағаттары туралы ақпар

Дата: 2021-10-25 22:57:30
«Үлкендер жолы – ұлылық, Ұрпағы жүрер ұғынып» тақырыбындағы сынып сағаттары туралы ақпар

«Үлкендер жолы – ұлылық, Ұрпағы жүрер ұғынып» тақырыбындағы сынып сағаттары туралы ақпар

2021 жылдың 25 қазан күні  2-11 сыныптарда «Үлкендер жолы – ұлылық,Ұрпағы жүрер ұғынып» тақырыбында ҚР оқу ағарту ісінің үздік қызметкері, лицейімізде 23 жыл директор қызметін атқарған Қ.Қағазбеков туралы сынып сағаттарын өткізді. Сынып сағаттарында 2021 жылдың 13 қазан күні мектеп-лицейіміздің ғимаратына орнатылған  Кеңестер Одағының Үздік қызметкері, ҚР оқу-ағарту ісінің Үздік қызметкері, «Қазақстан Республикасының Білім үздігі»,  «Ы.Алтынсарин» белгісінің иегері, Балқаш қаласының құрметті азаматы  Қағазбеков Қасымжан Қағазбекұлының   мемориалдық тақтасының ашылу салтанатты жиыны, ол кісінің лицей үшін сіңірген еңбектері туралы айтып өтті.