“Аяулы алтын күз” атты “күз ханшайымы” мен “күз ханзадасын” анықтау сайысы өтті.

Дата: 2021-10-16 19:48:17
 “Аяулы алтын күз” атты “күз ханшайымы” мен “күз ханзадасын” анықтау сайысы өтті.

16 қазан  күні оқушыларды ұйымшылдыққа, өз өнерін ортаға салып көрсете білуге, табиғатты сүюге тәрбиелеу мақсатында аға тәлімгер Г.О.Косманның жетекшілігімен “Аяулы алтын күз” атты “күз ханшайымы” мен “күз ханзадасын” анықтау сайысы өтті. «Мектеп парламентінің» мәдениет және өнер фракциясының ұйымдастыруымен өткен іс-шара бес кезеңге бөлінді. Сайысқа 8-9 сыныптар арасынан 6 жұп қатысты. Жұптарға “ең ақылды” жұп, “ең сәнді” жұп, “көрермен көзайымы” жұбы, “өнерлі” жұп номинациялары табыс етілді.  Күз ханзадасы 8 «А» сыныбының оқушысы Алханов Нұрбол, “ күз ханшайымы”  9 “В” сыныбының оқушысы Темірғалиқызы Аяжан атанды. Жүлдегерлер арнайы алғыс хатпен және сыйлықпен марапатталды.