«Мен өз тәжірибеммен бөлісемін»

Дата: 2021-10-02 09:28:11
«Мен өз тәжірибеммен бөлісемін»
Қыркүйек айының 29-30 аралығында информатика пәні мұғалімдері арасында 9-11 сыныптардағы «Информатика» пәнін оқытуда қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды практикада тиімді пайдалану үшін компьютерлік жүйелер, ақпараттық процестер, компьютерлік ойлау саласындағы базалық біліммен және дағдылармен қамтамасыз етуге бағытталған «Мен өз тәжірибеммен бөлісемін» тақырыбында семинар өткізілді. 
Семинардың екінші күнінде 11 сыныптардың тақырыптары бойынша ашық сабақтар ұйымдастырылды. «Абай атындағы №2 мектеп-лицейі» КММ-нің информатика пәні мұғалімі Лайлим Канатовна Байжуманова «Нейрондық желілердің әрекет ету қағидалары» тақырыбында ZOOM платформасында қала мектептерінің информатика пәні мұғалімдері арасында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында мұғалім өзінің теориялық білімін ортаға салып, есеп шығару жолдарын түсіндіріп өз тәжірибесімен бөлісті. Алға қойған мақсатына тиімді жолдармен жетіп, түрлі әдіс-тәсілдерді пайдалану арқылы есептің шығарылу жолдарын түсіндіріп өтті. Әріптестер үшін тиімді сабақ болды.