1-қазан - Халықаралық қарттар күні. Осы мерекеге орай, «Абай атындағы №2 мектеп-лицейінде» «Қариясы бар үйдің — қазынасы бар» акциясы өтті.

Дата: 2021-10-02 09:13:15
1-қазан - Халықаралық қарттар күні. Осы мерекеге орай, «Абай атындағы №2 мектеп-лицейінде» «Қариясы бар үйдің — қазынасы бар» акциясы өтті.

1-қазан - Халықаралық қарттар күні. Осы мерекеге орай, «Абай атындағы №2 мектеп-лицейінде» «Қариясы бар үйдің — қазынасы бар» акциясы өтті. Акция мақсаты жас жеткіншектерді инабаттылық пен мейірімділікке, үлкенді сыйлауға тәрбиелей отырып, отбасы құндылығын насихаттау.  Аталмыш ацияға 5-6 сынып оқушылары  қарттарды  құттықтау үшін  өз қолдарынан ашықхаттар жасады. Әр оқушы өзінің жұмысына құрметті қарияларды құттықтай отырып, ізгі тілектерін жолдады.  Қарттарға деген қамқорлық, оларға деген жанашырлық оқушыларының белсендіктерінен анық байқалды. Қашанда үлкенді сыйлау, қарияны құрметтеу дәстүрі – қазақ халқының ата салты. Олай болса,осындай акцияларды ұйымдастыру қарттарымызды ардақтауды тек бір күнмен шектемей, әрдайым аға буынға сый-құрмет көрсетіп, қамқорлық танытуға шақырады.