5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күні

Дата: 2021-09-07 19:21:01
5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күні

5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күніне байланысты 2021 жылдың 6 қыркүйегі күні 1- 11- сыныптарда «Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ тіл білімінің атасы» тақырыбында  сынып сағаттары өткізілді. Ұлт ұстазы, қоғам қайраткері, ақын өмірін, шығармашылығын  оқушыларға үлгі ете отырып, өз елін, жерін, тілін  сүюге, оның көркеюіне үлес қосуына  тәрбиелеу мақсатында оқушыларға құнды мәліметтер айтылды. Мемлекеттік тіл – қазақ тілі туралы ғұлама ойшылдардың пікірлерін меңгерте отырып, өмірде ана тілінің атқаратын рөлі маңызды екендігі түсіндірілді.