«Тәуелсіздік жетістіктері»

Дата: 2021-09-07 15:52:11
«Тәуелсіздік жетістіктері»

Балқаш қаласы білім бөлімінің «Абай атындағы №2 мектеп- лицейі» КММ- де 2021- 2022 оқу жылының басталуына орай 2021 жылдың 1 қыркүйегі күні  1- сыныптар үшін «Кел, балалар, оқылық!» атты салтанатты жиын өтті. Жаңа оқу жылының ерекшеліктерінің бірі – А.Байтұрсыновтың әдістемесі негізінде әзірленген «Әліппе» пәнінің мектеп бағдарламасына қайтарылуы. Жиын барысында  бірінші сынып оқушыларына «Әліппе» оқулығы табыс етіліп, мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндер үшін алғашқы қоңырау соғылды. 2- 11 - сыныптарда  Білім күніне арналған Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Тәуелсіздік жетістіктері» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.