"Білім сапасы: Қолайлы жағдайдан тмімді нәтижеге" тақырыбында қалалық тамыз конференциясының пәндер бойынша секциялық жұмысы басталды.
23.08 күні "Білім сапасы: Қолайлы жағдайдан тмімді нәтижеге" тақырыбында қалалық тамыз конференциясының пәндер бойынша секциялық жұмысы басталды. Балқаш қаласы Абай атындағы №2 мектеп-лицейінің география пәні мұғалімі Тускеева А.М."География сабағында функционалды сауаттылықты дамыту тапсырмаларының тиімді түрлері", физика пәні мұғалімі Рахимова Ж.Т. "Оқушыларды жобалау,зерттеу жұмыстарына тарту жолдары" тақырыптарында өз тәжірибелерімен бөлісті. Секция алаңында география, физика пәні мұғалімдері 2021—2022 оқу жылының ерекшеліктерімен танысып, әдістемелік—нұсқаулық хатқа талдау жасалды, алдағы оқу жылындағы география, физика пәндері бойынша атқарылатын міндеттер қабылданды. Секциялық жұмысты қалалық білім бөлімінің жаратылыстану пәндер бірлестігінің әдіскері К. А. Айнабекова жүргізді.